Қызылордада мектеп оқушысы шахматтан әлем чемпионы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Румынияның Яссы қаласында шахматтан әлем чемпионаты аяқталды. 15 жасқа дейінгі жас санатында қазақстандық спортшы Әсел Серікбай әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА.
None
None

null
Чемпионат медалін қызылордалық тағы бір спортшы - Назерке Нұрғали алды. Ол 40-тан астам жасөспірім қатысқан 13 жасқа дейінгі шахматшылар арасында күміс ұтты.

 «Әрине, әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Бұрын 9 жасқа дейін әлем чемпионы болғанмын. Содан бері жеті жыл өтті. Нәтижені тағы қайталадым. Бұл жоғары деңгейдегі шахматшылар жарысқа түскен ересек санатқа жатады.  Қызылорда облысы спорт басқармасының бастығы Садық Мұстафаевқа және бапкерім Василий Шимелковке алғыс білдіргім келеді. Сондай-ақ алғашқы бапкерім Риза Төлтайқызы Қошқароваға және Қазақстан шахмат федерациясына алғысым шексіз», - деді таяуда Ташкентте Азия чемпионы атағын ұтқан Әсел Серікбай.

Қыркүйекте Әсел Уругвайда өтетін әлем чемпионатына қатысады. Оны толықтай ҚШФ қаржыландырмақ.
null null 

Соңғы жаңалықтар