Қызылордада мектепті бақылаусыз қалдырған полицей жұмыстан кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда облыстық прокуратурасы «Балаларды бірге қорғаймыз» жобасын жүзеге асыру аясында жергілікті полиция қызметінің тиімділігіне талдау жүргізді. 
None
None

Тексеру кезінде Шиелі кентіндегі №127 мектепке бекітілген полиция инспекторы бірнеше күн бойы білім ордасында болмағаны анықталды. Ол туралы аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшылығы да хабарсыз екендігі анықталды, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Осыған байланысты облыстық прокуратура Қызылорда облыстық ІІД жергілікті полиция қызметіне ұсыным енгізді. Нәтижесінде мектептің полиция инспекторы «қызмет тәртібін өрескел бұзғаны үшін» жұмыстан босатылды.

Қазіргі күні қарамағындағы қызметкерлерге ведомстволық бақылау жүргізбегені үшін аудандық ІІБ басшыларының мәселесі қаралуда.

 

Соңғы жаңалықтар