Қызылордада мереке күні 18 қылмыс орын алды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Қызылорда облысында 18 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кезекші тәулікте 8 қылмыс ашылған. Облыс бойынша барлығы 429 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде, қоғамдық орындарда мас күйде болған 17 тұрғын, түнгі тыныштықты бұзған 18 азамат ұсталды.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жылдамдықты шамадан тыс асырған - 34, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 7 жүргізушілер анықталып, тиісті әкімшілік шаралар көрілді. Сонымен қатар, мас күйінде көлік тізгіндеп - 1, жол ережесін бұзған жүргізушілер де жауапқа тартылды.
«Жеке құраммен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде төтенше жағдайға жол берілген жоқ»,- деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Мұхтар Қожабаев.