Қызылордада мерекеге орай әр ұлттың жастары кездесті

ҚЫЗЫЛОРДА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын өзге ұлт өкілдері жастарымен кездесу болып өтті.

        Қызылордада мерекеге орай әр ұлттың жастары кездесті

Оны қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Кездесу барысында қала әкімінің орынбасары Жасұлан Шынтасов пен қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Айдын Қайруллаев Елбасының төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында көтерілген мәселелерді жеткізіп, жастарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың жайын таратып айтып өтті. Қазіргі таңда Қызылорда қаласының жоғары және арнаулы орта оқу орындарында 19707 студент білім алуда. Бұлардың 14167-сі күндізгі бөлімде оқыса, 5540-ы сырттай білім жетілдіру үстінде. Ал осы оқу орындарында 20-дан астам өзге этностардың 700-ден аса жас буын өкілдері дәріс алады.

Кездесу барысында қала әкімінің орынбасары оған қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.