Қызылордада Наурыз мерекесі күні құрметіне жеңіл атлетикадан эстафеталық жүгіру болып өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. 21 наурыз. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгін таңертең Қызылорда қаласының орталық көшелерінде Наурыз мерекесі құрметіне жеңіл атлетикадан эстафеталық жүгіру болып өтті.
Эстафетаға қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері мен жоғары сынып оқушылары, белгілі спортшылар мен мамандары, сондай-ақ облыстық мекемелердің өкілдері қатысты.