Қызылордада Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімдері арасында желілік спартакиада өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде еліміз бойынша Назарбаев Зияткерлік мектеп мұғалімдері және қызметкерлері арасында "Болашағымыз - бірлікте" атты Желілік спартакиада өткізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі хабарлады.

 Қызылордада Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімдері арасында желілік спартакиада өтті

Спартакиада мақсаты - Зияткерлік мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері арасында оңтайлы әріптестік және достық байланыстарды қалыптастыру; салауатты өмір салтын қалыптастыру және қысқы Универсиада ойындарына қатысушыларға спорттық жарыстар арқылы қолдау көрсету болып табылады.

 Дүбірлі додаға республикамыздан 7 Назарбаев Зияткерлік мектеп командалары қатысты.Олар спорттың 5 түрінен: волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және гір көтеру бойынша бақтарын сынады.
 
 Нәтижесінде тоғызқұмалақ спорт түрінен 3-ші орынды Алматы қаласындағы ХББ НЗМ ойыншысы Халитова Альфия, Астана қаласының Халықаралық мектебі команадасының ойыншысы Сәтбаев Сындар, 2-ші орынды - Қызылорда қаласы ХББ НЗМ қызметкері Секина Қырмызы мен Шымкент қаласы ХББ НЗМ мұғалімі Сапарбек Ғани, ал 1-ші орынды - Тараз қаласының ФМБ НЗМ ойыншысы Керімби Сұлушаш пен Тараз қаласының ХББ НЗМ ойыншысы Мейрамқұлов Жандос иеленді. 
     
Волейболдан 1-ші орынды Алматы ХББ НЗМ, 2-ші орынды - Шымкент қаласы ХББ НЗМ және 3-ші орынды Қызылорда қаласы ХББ НЗМ командалары бөліп алды. 

"Үздік қорғаушы" номинациясымен Астана қаласындағы халықаралық мектебі командасының ойыншысы Елеукеев Жастілек, "Үздік ойыншы" - Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ ойыншысы Савельев Сергей, "Үздік үйлестіруші" - Шымкент қаласы ФМБ НЗМ қызметкері Қияшов Мақсат және "Үздік шабуылшы" - Алматы қаласы ХББ НЗМ командасының ойыншысы Жақашев Ержан марапатталды. 
     
  Үстел теннисі бойынша қыздар арасында 1-ші орынды Қызылордадағы НЗМ мұғалімі Омарова Жанна, ал үлдар арасында Астана қаласының ойыншысы Әлішов Мырзағали иеленді. Жүлделі екінші, үшінші орындарды Ушурова Надира (Шымкент ХББ НЗМ) мен Абилов Бағдат (Қызылорда қаласы ХББ НЗМ) және Халитова Альфия (Алматы қаласы ХББ НЗМ) мен Шүйінішқалиев Құралбек бөліп алды. 
  
Гір тасын көтеруден Қызылорда қаласы НЗМ педагог-ұйымдастырушы-куратор Бисенбаев Нұржан жеңімпаз атанды. Екінші орында - Шымкенттік Байтуков Талғат, ал үшінші орынға Атыраулық Моиссев Артем тұрақтады. "Шымырлығымен" ерекшеленген ойыншы Алматылық ойыншы Набиев Әділет арнайы дипломмен марапатталды. 

Футболдан Қызылорда қаласы ХББ НЗМ командасы жеңімпаз атанды. Шымкент қаласы ФМБ НЗМ командасы - 2-ші орынды, ал Шымкент қаласы ХББ НЗМ командасы - 3-ші орынды иеленді. 

Жалпы командалық есепте:

III орын - Алматы қаласы ХББ НЗМ

II орын - Тараз қаласы ХББ НЗМ

I орын - Қызылорда қаласы ХББ НЗМ иеленді. 

Барлық жеңімпаз командаларға және үздік ойыншыларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды.