Қызылордада нейрореабилитациялық орталық ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қаладағы №3 емхананың базасында инсультпен ауырған науқастарға нейрореабилитациялық орталық ашылды, деп мәлім етті Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.
None
None

 Ол бұған дейін  Қазалы теміржол ауруханасында 15 орындық нейрореабилитациялық бөлімі бар ІІ деңгейлі инсульттық орталық ашылғанын да айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  Айта кеткен жөн, жаңа Орталық Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласының тұрғындарына да қызмет көрсетеді. 

    «Аймағымыздағы барлық медицина ұйымдарында науқастарды қолдау қызметтері құрылды. Халыққа қызмет көрсету сапасын жоғарылату мен ұзын-сонар кезекті болдырмау мақсатында БМСК ұйымдарындағы тіркеу бөлімінің жұмысы оңтайландырылды. Осы жылдың ақпан айында алғаш рет Emdeu.kz бірыңғай ақпараттық платформасы құрылып, Call-центр қызметінің аясы кеңейе түсті. Оған бюджеттен 5 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл жүйе интернет, телефонды қолданып қажетті дәрігерге жазылуға немесе үйде отырып-ақ дәрігерді шақыруға мүмкіндік береді», - дейді басқарма басшысы. 

Соңғы жаңалықтар