Қызылордада «Нұр орда» жаңа шағынауданы ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада жалпы саны 820 пәтерді құрайтын көпқабатты 16 тұрғын үй ел игілігіне берілді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айдар Әріпханов жаңа қоныс иелерін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен және баспаналы болуларымен құттықтады. 

null  

«Нұр Орда» мөлтекауданындағы бұл үйлер «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Шағынауданда көпқабатты 20 үйдің құрылысы жүруде, оның 12-сі (600 пәтер) «БәйтерекДевелопмент» АҚ, ал 8-і (420 пәтер) «ҚазақстанныңТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкі» АҚ мен бірлесіп жүзеге асырылуда. 
Айта кету керек, жергілікті билік тұрғындардың жеке тұрғын үй құрылысын жүргізулері үшін де көмек қолын созуда. Биыл жаз айында 6600 қызылордалық жеке үй салу үшін қажетті барлық инженерлік-инфрақұрылымы тартылған (су, жарық, газ және автожол) 980 гектар аумақты қамтитын жер телімдерін алды. Ал өткен сенбіде, 10 желтоқсан күні Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде өтініш берген 1380 тұрғын инженерлік-инфрақұрылымы жүргізілген жер телімдеріне ие болды.

null null 

Соңғы жаңалықтар