Қызылордада облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 2012 жылдың бірінші жарты жылдығын қорытындылады

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Қызылордада облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 2012 жылдың бірінші жарты жылдығын қорытындылады.

Қызылордада облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 2012 жылдың бірінші жарты жылдығын қорытындылады

Кеңейтілген жиналысқа ТЖД бастығы полковник Ерік Төлеужанов төрағалық етті. 2012 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар есебінде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлар министрлігінің халық пен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі негізгі мақсатына,  ТЖМ-нің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына, ҚР ТЖМ-мен бекітілген операциялық жоспарына сәйкес жұмыс жасалғандығы, төтенше жағдайлардың қаупін азайтуға, адам өмірі мен денсаулығын сақтауға, материалды шығын есебін азайту және стратегиялық жоспарды жүзеге асыру мен Министрліктің алқа қаулыларын орындауға бағытталғандығы, Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасына азаматтық қорғаныс саласын дамыту бойынша, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда АҚ пен ТЖ құрылымдарының дайындығын күшейту шаралары енгізілгендігі жөнінде баяндалды.

«Облыс бойынша 53 төтенше жағдай тіркелді, оларда 32 адам қайтыс болды. Өнеркәсіп қауіпсіздігі басқармасымен 155 өнеркәсіптік кәсіпорын мен 446 нысан тексерілді, нәтижесінде 1518 ережелер және техникалық қауіпсіздік нормаларды бұзушылықтар анықталды. Қазіргі қолданыстағы ережелер және техникалық қауіпсіздік нормаларды бұзушылықтарға жол бергендігі үшін жалпы құны  7 607 870 теңгекөлемінде айыппұл салу арқылы 157 лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қызылорда облысы бойынша ағымдағы жылы 267 өрт оқиғасы тіркелді. Талдау көрсеткендей өрт оқиғалары 106 жағдайға, жарақат алған адам саны 3 жағдайға көбейген.  

Облыс көлемінде түрлі шаруашылық бағыттағы барлығы 2085 нысандарға және 26657 жеке тұрғын үйлерге өрт қауіпсіздігі саласында профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру, бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында өрт-техникалық тексерулер жүзеге асырылды.»

Сонымен қатар, аталмыш жиналысқа департаменттің бірқатар бөлім, басқарма,  департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысып, атқарылып жатқан жұмыстар есебін қатысушылар назарына салды.