Қызылордада өртенген үйден төрт адам құтқарылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат -Шұғыла шағын ауданындағы 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтерден 4 адам: 2 ер адам мен 2 әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылордада  өртенген үйден төрт адам құтқарылды

«Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдарының нәтижесінде қаза тапқан және жарақат алғандар жоқ. Құтқару қызметі өрт болған пәтерден 4 адамды аман алып шықты. Жалын шалған тұрғын үйдің 25 тұрғыны уақытша қауіпсіз жерге көшірді», - делінген облыстық ТЖД баспасөз баянында.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталуда.