Қызылордада өткен аптада бір жүргізуші қаза тауып, 5 адам дене жарақатын алды
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласында 1976 жылы туған азамат өзінің жеке «ГАЗель» автокөлігін айдап келе жатып бір бағыттағы «Камаз» автокөлігінің тіркемесіне соқтыққан. Нәтижесінде «ГАЗель» жүргізушісі оқиға болған жерде қайтыс болған.
Қаланың келесі тұрғыны өзінің жеке «ВАЗ-2109» автокөлігімен тоғыз жастағы баланы қағып кеткен. Нәтижесінде жаяу жүргінші жасөспірім әртүрлі дене жарақатын алып, облыстық медицина орталығының жансақтау бөліміне жатқызылды.
Облыс жолдарында апта көлемінде 4 жол-көлік оқиғасы орын алып, 1 адам қайтыс болды, 5 адам әртүрлі дене жарақатына ұшырады.