Қызылордада өткен велоспорт жарысының жеңімпаздары анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған халықаралық дәрежедегі спорт шебері Андрей Кашечкин жүлдесі үшін велоспорттан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында жарыс өтті.

Қызылордада өткен велоспорт жарысының жеңімпаздары анықталды

Оған Қызылорда қаласынан 100-ден аса велошабандоздар қатысты. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, жарыс биыл бірінші мәрте өткізілді. Алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады. Бағдарламаға сәйкес спортшылар 25 шақырымдық критериум жарысында сынға түсті.

Нәтижесінде 2001-2002 жылғы ұлдар арасында Жәнібек Төлеген бірінші болып келсе, Бексұлтан Әбтаев екінші, Әліжан Әбілбек үшінші орындарды иеленді. 2003 және одан кіші жастағы спортшылар арасында Әсет Орынбасар жарыс жеңімпазы атанды. Аян Шектібаев 2-орынды, Ержан Абдулхамит 3-орынды еншіледі.

Қыздар арасында Аружан Жайшылықованың мерейі үстем болды. Қалған орындарға Анастасия Иванова мен Ақтолқын Әбдіжаппар ие болды.

Сондай-ақ, «Ең жас велошабандоз» номинациясымен Максим Матияш (2007 ж.т.), Ақдәулет Бақытжанов (2007 ж.т.), Нұрай Пернебай (2005 ж.т.) марапатталды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге грамота және естелік сыйлықтар табысталды.

null null null