Қызылордада өткен жылы жаңа жұмыс орындарын ашу жоспары артығымен орындалды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Өткен жылы Қызылорда облысында нақты секторда жаңа өндірістер ашу, шағын бизнесті дамыту және әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру есебінен 9500 жұмыс орнын ашу жоспарланған болатын.
Жоспар ойдағыдай орындалып, өңір бойынша 10600 жаңа жұмыс орны ашылды, - дейді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова.
Оның айтуынша жұмыспен қамту органдары арқылы 13063 адам еңбепен қамтамасыз етілді, бұл жұмысқа орналасу мәселесі бойынша мекемеге хабарласқандардың 43 пайызы.