Қызылордада панасыз қарттар арасында «Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат» атты кеш ұйымдастырылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 8 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордадағы Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернатта Ұлы Жеңістің 67 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне байланысты «Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат» атты кеш болып өтті.
None
None

Шараны «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы «Болашақ бүгіннен басталады» атты республикалық акция аясында ұйымдастырды. Кездесуде ел тәуелсіздігінің үшінші онжылдығына қадам басқан қазіргі шақта еліміздің болашағы үшін атқарылып жатқан жұмыстардың жайы сөз болды. Акцияның мақсаты - жастарды ұлтжандылық сезімге, мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу, олардың бойында адамгершілік санасын қалыптастыру, қарт кісілерді құрметтеп, мейірім-шапағатын көрсету секілді қасиеттерге баулу болды.

Соңғы жаңалықтар