Қызылордада республикалық ақындар айтысы өтеді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада республикалық ақындар  айтысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Астана қаласының 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Астана - биік төрім, Қызылорда - туған жерім!» атты республикалық ақындар айтысын Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырады.

Жыр додасына республикамызға танымал айтыскер ақындар Рүстем Қайыртай - (Алматы қаласы), Әсем Ережеқызы (Семей қаласы), Дидар Камиев, Мақсат Ақанов (Қарағанды қаласы), Сұлужан Тауболды (Астана қаласы), Болатбек Оразбаев (Алматы қаласы), Шалқарбай Ізбасаров (Атырау қаласы), Нұрғанат Қайрат (Павлодар қаласы), Аруна Керімбек, Рай Дөңбай (Тараз қаласы) және Сыр елінен Мұхтар Ниязов, Нұрмат Мансұров, Мейірбек Сұлтанхан, Иранғайып Күзенбаевтар қатысады.

Айтыс 21 ақпанда сағат 11.00-де Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында өтеді.

Соңғы жаңалықтар