Қызылордада республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Қызылордада республикалық командалық-штабтық «Қатер 2013» оқу-жаттығу жиыны өтті.
None
None
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. «Қызылорда облысында «Басқару органдарының химиялық, биологиялық және радиациялық апаттар орын алған жағдайдағы немесе оны жоюдағы іс-әрекеттері» тақырыбында республикалық командалық-штабтық «Қатер 2013» оқу-жаттығуы өтті», - делінген хабарламада. Жиынның негізгі мақсаты химиялық, биологиялық және радиациялық апаттар орын алған жағдайдағы оның зардаптарын жою кезіндегі басқару органдарының, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесі күш-құралдарының деңгейін көтеру және жоғары дайындыққа келтіру, апатты жағдайлар кезінде бағынысты күштерді басқаруда жергілікті атқарушы органдармен үйлесімділікті жетілдіру болды. Бұл шара екі кезеңді қамтыды. Оның алғашқысында облыстағы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің дайындығы тексерілді. Екінші кезеңде сценарий бойынша «Қызылорда су жүйесі» МКК су торабы құрылғысында орын алған кемшіліктер түзетілді. Оқу-жаттығу кезінде химиялық, биологиялық және радиациялық апаттар орын алған жағдайға сәйкес құрылған авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдары саны, құрамы тексерілді. Жиынға ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ», ҚР ТЖМ «ОӨАЖҚЖ» ММ құтқарушылары, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облыстық филиалы, сондай-ақ облыстық ІІД, облыстық СЭС жедел топтары, жалпы барлығы құрамында 609 адам мен 137 техникасы бар авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдары қатысты.
Соңғы жаңалықтар