Қызылордада саяжайлар тасқын судың астында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сырдария өзенінің арнасынан асқан су Қызылорда қаласының шеткі жағындағы 15 саяжайды басып қалды.

Қызылордада саяжайлар тасқын судың астында қалды

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

20 адам басқа жерлерге көшірілді. Олар туған-туыстарының, жақындарының үйлеріне жайғастырылды. Зардап шеккендер жоқ. ТЖД жергілікті билік органдарымен бірлесе отырып жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізіп жатыр.