Қызылордада Шахмардан Есеновтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтеді

Шара ғалымның бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімімен бастау алады. Осы күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Шахмардан Есеновтің 90 жылдығына арналған "Қазақстанның кен ресурстары: игерілуі, даму барысы мен болашағы" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция мен деректі фильмнің көрсетілімі өтеді. Сондай-ақ Ә. Тәжібаев атындағы орталық кітапханада ғалымның өмір жолы мен еңбектеріне арналған "Өнегелі өмір" және "Шахмардан" кітаптарының тұсаукесері болады.
Ертең мерейтой Ш. Есеновтің туған жері Шиелі ауданы Тартоғай ауылында жалғасады. Ғалым атындағы мектеп алдына орнатылған бюстінің лентасы қиылады. Түрлі мәдени шаралармен бірге қазақ күресінен балуандар бақ сынайды. Елімізге белгілі ақындардың қатысумен айтыс өтеді. Күнді эстрада жұлдыздарының қатысумен өтетін гала-концерт қорытындылайды.
фото: voxpopuli.kz