Қызылордада шалғайдағы ауыл тұрғындары үшін ерекше жәрмеңке өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада тұңғыш рет мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл шара ең алдымен аймақтағы шалғай ауылдарда тұратын халыққа барлық мемлекеттік қызметті бір жерден алуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне сілтеме жасап.
None
None

  Жәрмеңкенің ашылу салтанатында Департамент басшысы Абзал Мұхимов мемлекеттік көрсетілетін қызметтер халыққа сапалы және қолжетімді түрде іске асырылу керегін ерекше атап өтті. «Сондықтан да бүгін жәрмеңкеге халықтың сұранысы жоғары жер, білім, тұрғын үй, көші-қон сияқты салалар бойынша қызмет көрсететін уәкілетті органдарды қатыстырып отырмыз. Бұл шара алдағы уақытта да жалғасын табады», - деді ол.

  Айта кетейік, шараға 200-ге жуық тұрғын келіп, қажетті қызметтер мен кеңес алды.

 

Соңғы жаңалықтар