14:29, 03 Маусым 2017 | GMT +5
Қызылордада шетелдік жұмысшылар үшін пара алған шенеунік ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында шетелдік жұмысшылардың Қазақстанда жүру мерзімін ұзартқаны үшін пара алып келген шенеунік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюроға сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюроның Қызылорда облыстық департаменті «Жұмыспен қамту және әлеуметтік жобаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Аманжол Алдажаровтың қылмыстық әрекетін әшкереледі. Ол жер қойнауын игеріп жатқан компаниялардан шетелдік жұмысшалардың Қазақстанда жүру мерзімін ұзартқаны үшін тұрақты түрде пара алып келген. Аталған шенеунік заңсыз алған ақшаның жалпы көлемі 350 мың теңгені құрады. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындады. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ресми хабарламада.