Қызылордада соңғы 4 күнде заңсыз есірткі айналымының 4 дерегі тіркелді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Ақпан айында қызылордалық полицейлер есірткі затын заңсыз сақтаудың тағы бір дерегін анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап хабарлады.
Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция саптық бөліністері көше мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу бағытында жүргізген профилактикалық жұмыстарының барысында Қызылорда қаласында жүріс-тұрысы күдікті бір азаматты тоқтатып, тексеру барысында үстіне киген курткасының қалтасынан ақ түсті параққа оралған, хош иісті, жасыл түсті кептірілген шөп тәріздес затты анықтады. Аталған белгісіз затқа сараптама тағайындалып, нәтижесінде 3,13 гр. кептірілген марихуана екендігі белгіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.