Қызылордада стритболдан ашық турнир өтеді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы және қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласының 198 жылдығына орай стритболдан қалалық ашық турнир ұйымдастырады.

Қызылордада стритболдан ашық турнир өтеді

Ерлер мен әйелдер арасында болатын сайыс 23-24 қыркүйек күндері өтеді.

Турнир «Adidas Streetball Challendge» ережесі бойынша жүреді. Сондай-ақ бұл спорттық шара қала күні мерекесіне де тарту болып саналады. Негізгі мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру әрі көше спорты ойындарына ден  қою болып табылады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 3 млн. теңгені құрайды.