Қызылордада су қорларында қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін рейд ұйымдастырылды
ҚЫЗЫЛОРДА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Қызылордада су қорларында қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін Қызылорда облысы ТЖД «Суда құтқару қызметі» ММ облыстағы су қорларында көлік инспекциясы өкілдерімен бірігіп, қала аумағында рейд ұйымдастырды.
Жүзу құралдарын тіркеуді тексеру және құтқару құралдарының болуын қадағалау мақсатындағы іс-шарада адам тасымалдайтын төрт қайық заңсыз жұмыс жасауда деп табылды. Сонымен қатар рейд барысында оның жүзуге рұқсат беретін тиісті құжаттарының жоқ екені де анықталды. Нәтижесінде құзырлы органдар тарапынан айыппұл салынды.