Қызылордада таныс қызын өлтірген бұрынғы полиция қызметкері 12 жылға сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты таныс қызын өлтіріп, денесін суға лақтырып жіберген бұрынғы полиция қызметкеріне 12 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім кесті. Бұл туралы осы соттың кеңсе меңгерушісі Қаракөз Сәрсенбаева хабарлады.
None
None

Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін толық мойындап, қайтыс болған қыздың ата-анасынан кешірім сұрады.

Сот тергеуінде ол жәбірленуші қызды бұрын танитынын, онымен жақын қарым-қатынаста болғанын, бірақ қыз бірнеше рет оны ұрды-соқты деп арыз жазып, одан кейін қайта-қайта ақша сұрап, мазалаған соң ол жанұясын сақтап қалу үшін қызбен араласуды қойғанын айтты. Бірақ, екі жылдан кейін қыз оған телефон соғып «бұрынғының бәрін ұмытайық, қайтадан кездесейік» деген соң, ол ойланып кездесуге келісім береді. Түнгі уақытта ол өзінің автокөлігімен қыздың үйіне келіп, оған телефон соғады. Қыз шыққан соң екеуі кент сыртына шығып кетеді. Одан кейін сотталушы машинасын тоқтатып, көліктің артқы орындығына, қыздың қасына отырады.

Сөйтіп, «Мен саған 150 000 теңге беремін, бірақ сен мені мазалауды қоясың ба?» дегенде, қыз «бұл сенен алатын ақшаның басы ғана» деп жауап берген соң ол оң қолымен қыздың мойнынан қысып, қылқындырып ұстап тұрып, сол қолының жұдырығымен оның ішінен бірнеше мәрте ұрған. Осы кезде қыздың үні шықпай қалған. Содан кейін ол сасқалақтап қыздың денесінен құтылмақшы болып, оны автокөліктен шығарып, екі қолын артына қарай қайырып байлап, суға тастап жібереді. Мәйіт 3 күн өткен соң табылды.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны ҚР ҚК-нің 96 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп тапты. Енді ол жазасын қатаң режімдегі түзеу колониясында өтейді. Одан басқа, полиция майоры шенінен айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар