Қызылордада Тәуелсіздік күніне орай қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетіп жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА.16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда қаласында Тәуелсіздік күніне орай қоғамдық көліктер халыққа тегін қызмет көрсетуде. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мәмен хабарлады.

Қызылордада Тәуелсіздік күніне орай қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетіп жатыр

«Қызылорда қаласында Тәуелсіздік мерекесі жалпыхалықтық сипатта, жоғары мерекелік көңіл күймен өткізілуде», - делінген хабарламада.

Сауда нысандарында мерекелік жеңілдіктер жасалып, қаланың Орталық алаңында мерекелік концерт өткізіліп жатса, қаладағы қоғамдық көліктер халыққа тегін қызмет көрсетуде.

Нақтырақ айтқанда, қалада 16 желтоқсанға 16 бағытқа қатынайтын қоғамдық көліктер халыққа мерекелік көңіл күй сыйлауда.

Бұл қызметтің игілігін қалаға қарасты Қызылжарма, Ақсуат ауылдық округі мен Тасбөгет кентінің тұрғындары да көруде.