Қызылордада тәуелсіздікпен құрдас тәртіп сақшылары ант қабылдады

ҚЫЗЫЛОРДА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақ елі үшін елеулі мереке қарсаңында Қызылордада тәуелсіздікпен құрдас тәртіп сақшылары салтанатты түрде ант қабылдады.

Қызылордада тәуелсіздікпен құрдас тәртіп сақшылары  ант қабылдады

Облыстық ішкі істер департаментінде өткен шара барысында ҚР ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Қалмұханбет Қасымовтың құттықтау хаты оқылып, министрдің бұйрығымен 16 қызметкерге құрмет көрсетілді. Сондай-ақ департамент бастығы, полиция полковнигі Жанарбек Бақтыбаевтың бұйрығымен 490 қызметкер марапатталды. Шара Тәуелсіздік күніне арналған концертке жалғасты.