Қызылордада террористерге қарсы операция жүріп жатыр, 38 адамның жағдайы ауыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда өңірінде террористік қауіптің қызыл шекті деңгейі енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Қызылордада террористерге қарсы операция жүріп жатыр, 38 адамның жағдайы ауыр

Қызылорда облысының аумағында террористерге қарсы операция жалғасып жатыр.

Қарулы топ облыстық, қалалық әкімдікке, Nur Otan партиясы мен облыстық сот ғимаратына шабуыл жасаған. Қызметкерлер шұғыл түрде көшірілген.

Жарақат алған 168 адам ауруханаға жүгінген. Оның 77-сі ауруханаға жатқызылды, 38 азамат жансақтау бөлімінде жатыр.

Өңірде жедел штаб құрылған.

«Баса айту керек, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, жалған ақпарат таратқан азаматтар жауапкершілікке тартылады. Қызылорда облысы аумағында террористік қауіптің қызыл шекті деңгейі енгізілуіне байланысты терроризмге қарсы операция басталды. Аймақта енгізілген шектеулерге орай аса қажет болмаса, үйден сыртқа шықпаған жөн. Шыққан жағдайда қолыңызда жеке куәлік болуы шарт»,- деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халыққа жолдаған үндеуінде.