Қызылордада төтенше жағдай департаменті қарттар мен мүгедектерге құрмет көрсетті

ҚЫЗЫЛОРДА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Қызылордада облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Астана күні қарсаңында  Қарттар мен мүгедектер үйінде болып, ондағы тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Қызылордада төтенше жағдай департаменті қарттар мен мүгедектерге құрмет көрсетті

Кездесуге келгендер атынан сөз алған  «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің бастығы полковник Ә.Көкеев: «Үлкеннің ұлағаты біз үшін маңызды. Қарияларды құрметтеу - әрбір азаматтың парызы. Сіздерге мерекеде зор денсаулықта және аманшылықта болуларыңызға тілектеспіз», -  деді. Шара соңында «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің ұжымы жанынан құрылған «Сыр лебі» фольклорлық  ұлт аспаптары оркестрі қарттарға арнап 2 сағаттық концерттік бағдарламасын тарту етіп, олардың алғысына бөленіп қайтты.