Қызылордада төтенше жағдайлар басқармасы «Шырша» операциясы аясында үгіт-насихат іс-шараларын жүргізді

ҚЫЗЫЛОРДА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз хатшысы Айгүл Нұрманованың хабарлауынша, облыста «Шырша» операциясы аясында үгіт-насихат іс-шаралары жүргізілген.

       Қызылордада төтенше жағдайлар басқармасы «Шырша» операциясы аясында үгіт-насихат іс-шараларын жүргізді

Соның ішінде Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрлігінің бірлескен жоспарын орындау мақсатында Қызылорда стансысы вокзал перрондарында және жолаушылар поездарында пиротехникалық бұйымдарын сату орындарын өрт қауіпсіздігі және сертификаты жоқ пиротехникалық бұйымдарын анықтау, сатуға жол бермеу барысында профилактикалық тұрғыда үгіт-насихат жұмыстары бар. Осы бағытта 22-31 желтоқсанда Қызылорда стансысы вокзал перрон алаңында пиротехникалық бұйымдарын сатуға және тасымалдауға жол бермеу мақсатында ілесіп жүру жасағына нұсқама талабы бойынша жолаушы азаматтарды құлақтандыру, вокзал перрондарында орналасқан кафелерінде өрттің алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу жұмыстарын атқаруда. Сонымен бірге, пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану және тағы басқа осы тектес жарнамалар үнпарақтарын Қызылорда стансысы вокзал ғимараттарына іліп, жолаушы азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталмыш іс-шаралар қаладағы көпшілік жиналатын орындар мен базарларда да жалғастығын тапты. Базарлардағы сертификаты жоқ пиротехникалық бұйымдарды сатумен айналысуға болмайтындығы туралы құлақтандыру жұмыстары жасалған. Аталмыш рейдтік шараларға қалалық төтенше жағдайлар басқармасының өртке қарсы қызмет саласындағы мамандары Е.Әлішеров, Е.Сәбенов, А.Кеңесова, С.Әбжаевалар атсалысқан.