Қызылордада төтенше жағдайлар департаменті Президент сайлауына дайындық жөнінде жиналыс өткізді

ҚЫЗЫЛОРДА. 18 наурыз. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгін Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінде облыстағы өмірлік маңызы бар мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары және өкілдерімен жиналыс өтті.

          Қызылордада төтенше жағдайлар департаменті Президент сайлауына дайындық жөнінде жиналыс өткізді

Жиналыстың негізгі мақсаты 25-наурыз бен 5 сәуір аралығында, яғни, ҚР Президентін сайлау науқанында төтенше жағдай мен өрт оқиғаларын болдырмау және оның алдын алу болатын. Қатысқан мекеме мен кәсіпорындар басшылары қауіпсіздік шараларына баса көңіл бөлетіндіктерін айтты. Аталмыш жиналысты мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет майоры Ғалымжан Төрешов жүргізді.