Қызылордада туған інісін өлтірген әйел 7 жылға сотталды
ҚЫЗЫЛОРДА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Қызылордада туған інісін өлтірген әйел 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Шешесінің пәтерінде тұрып жатқан әпкесі мен інісі спирттік ішімдіктерін бірге ішіп отырып, бір-бірімен ерегісіп қалады. Жанжалдың аяғы төбелеске ұласқан бұл жекпе-жекте әйел інісінің мойнына пышақ тығып алады. Ол осылайша мас күйінде бауырының өміріне қауіпті ауыр дене жарақатын салған. Осының салдарынан жас жігіт оқиға болған жерде қайтыс болған.
Қызылорда облыстық сотының апелляциялық сот алқасының қаулысымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі өзгеріссіз қалдырылып, үкім заңды күшіне енді.