15:48, 09 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Қызылордада «Туған жер - тұнған тарих» атты жас ақындар байқауы өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және облыстық жастар орталығының ұйтқы болуымен «Туған жер - тұнған тарих» атты жас ақындар байқауы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш байқауға 50-ге тарта жас ақындар қатысты. Облыстың 70 жылдығы мен Қызылорда қаласының 190 жылдық мерейтойына орай өткізілген байқауда туған жер туралы жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған шығармалар көпшілік назарына ұсынылды.
Облысымызға белгілі ақындар мен журналистерден құралған қазылар алқасының шешімімен ең үздік өлеңімен танылған Мөлдір Айтбай бірінші орынға қол жеткізді. Сонымен қатар, Шаттық Қыстаубай мен Мөлдір Тұңғышбаева жүлдегелер қатарынан көрінді.