Қызылордада Ұлт азаттық көтеріліс қолбасшысы Бұқарбай батырдың 200 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Студенттер сарайында Ұлт азаттық көтеріліс қолбасшысы Бұқарбай батыр Естекбайұлының 200 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт азаттық қозғалысы және Бұқарбай батыр» атты ғылыми-теориялық конференция өтті.
Республика аймағындағы белгiлi ғалымдардың, тарихшылар мен әдебиетшiлердiң қатысуымен өткен бұл келелi басқосуда ел тарихындағы толғақты оқиғалар таразыланып, батыр бабамыз жайлы тың деректер айтылды.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде тарих ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан тарихшылар қауымдастығының төрағасы Мәмбет Қойгелді ашып, сөз сөйледі.
ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кәрібаев Берекет Бахытжанұлы баяндама жасады.