Қызылордада үш оқушы қыз иіс тиіп уланды
АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 6-да Қызылорда қаласындағы жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде қатты отынмен жанатын пештің ақауы салдарынан үш бала көмірқышқыл газына уланып қалды.
ҚР ТЖМ-нен хабарлағандай, 4, 6 және 14 жастағы қыз балалар ауруханаға жеткізілді.