Қызылордада велоспорттан Андрей Кашечкин жүлдесіне арналған жарыс өтті
Оған Алматы және Қызылорда қалаларынан 100-ге жуық велошабандоз қатысты. Нәтижесінде жарыс бағдарламасына сәйкес қызылордалық спортшылардың мерейі үстем болды.
30 шақырымдық топтық жарыста Нұртуған Сейітов бірінші болып келсе, Нұрсұлтан Пернебай екінші, Аслан Силықбек үшінші орындарды иеленді.15 шақырымдық топтық жарыста Юлдуз Калменова жарыс жеңімпазы атанды. Алтынай Рабаева екінші, Лиза Маханбетжан үшінші орындарды еншіледі.
12 шақырымдық критериум жарысында ұлдар арасында Нұртуған Сейтов 1-орынға ие болды. Екінші және үшінші орындарды Аслан Силықбаев пен Нұрсұлтан Пернебай бөлісті. 6 шақырымдық сайыста қыздар арасында Юлдуз Калменова екінші алтынына қол жеткізсе, Асылзат Рабаева - күміс, Лиза Маханбетжан қола жүлделерді еншіледі.
Сондай-ақ, жарыс аясында әуесқойлар арасында 6 шақырымдық критериум жарысы ұйымдастырылды. Нәтижесінде ерлер арасында жоғары спорт шеберлігі мектебінің қызметкері Пазылбек Жақсылық, әйелдерарасында №3 ОВЖОРМБЖМ қызметкері Ғалия Қуатбаева бірінші орынды олжалады.
