Қызылордада велоспорттан республикалық турнир өтеді

 ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 30 қыркүйек-1 қазан күндері аралығында Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері Андрей Кашечкиннің жүлдесі үшін велоспорттан  2003 жылы туған және одан кіші жастағы  жасөспірімдер арасында II республикалық турнир басталады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
None
None

Бағдарламаға сәйкес, жарыстың алғашқы күнінде  ұлдар 35 шақырымдық, қыздар 20 шақырымдық топтық жарыста сынға түссе,  екінші күні ұлдар 20 шақырымдық, қыздар 12 шақырымдық критериумда бақтарын сынайды.

Сондай-ақ сол күні А.Тоқмағанбетов, Байтұрсынов және Желтоқсан көшелері бойынша әуесқойлар арасында веложарыс өтеді.

Жарысты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық велосипед спорты федерациясы  ұйымдастыруда.

Әр кезең бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, олар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Соңғы жаңалықтар