Қызылордада «Ынтымақтың ұйытқысы - Ата Заң» атты дөңгелек үстел болып өтті

Іс-шараға 10 ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілері, саяси партиялар жетекшілері, діни бірлестіктер, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, тарихшы ғалымдар қатысты. Жиынды оның модераторы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, «Мәртебелі Қазақстан» ҚБ төрағасы Наурызбай Байқадамов жүргізіп отырды. Қала әкімі Мархабат Жайымбетов құттықтау сөз сөйлегеннен кейін қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаевтың «Жергілікті өзін-өзі басқарудағы мәслихаттың рөлі» туралы хабарлама жасады. Басқосуда облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Нұрхан Жәлиев«Конституцияның негізгі тармақтарының принциптері және жаңа дәуір тарихы»,облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Cейілбек Шаухаманов «Конституция - ел тұрақтылығы мен бірлігінің негізі», облыстық дін істер жөніндегі департаментінің директоры Бақытжан Камалов «Зайырлы мемлекет пен діннің өзара қарым-қатынасы»,Қызылорда медициналық колледжінің 3 курс студенті Дагмара Мутаусова «Мемлекеттік тілге деген құрмет» туралы сөз сөйледі.
Жиында бұдан әрі пікір алмасулар жалғасты.