20:31, 17 Қараша 2022 | GMT +5
Қызылордада жалаңаш суреттеріңді жариялаймын, деп ақша бопсалаған тұрғын ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында жалаңаш суреттеріңді жариялаймын деп қорқытып, танысынан ақша бопсалаған жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Полицияға 29 жастағы азаматша арыз түсірді. Танысы әлеуметтік желіге интимдік сипаттағы фотоларды жариялаймын деп қорқытып, бопсалау арқылы ақша беруді талап еткен. Аталған дерек бойынша Қызылорда қалалық ПБ криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 33 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Заттай дәлелдемелер алынды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК – нің 194 – бабының 1 – бөлігімен (Қорқытып алушылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды»,-деді Қызылорда қалалық Полиция басқармасы анықтау бөлімінің полиция аға лейтенанты Айбек Тұрғанбай.