Қызылордада жаңа ғимараттар пайдалануға берілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекеттік «Тұрғын үй» бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласындағы «Астана» мөлтекауданында 9 және 12 көпқабатты арендалық тұрғын үйлер пайдалануға берілді.
None
None

Баспаналы болған 60 отбасы қоныс тойын тойлады. Бұл үйлерде ҰОС ардагерлеріне теңестірілген кісілер, олардың жесірлері, басқа да әлеуметтік топ өкілдері тұрады.

Сонымен қатар «Сырдария» мөлтекауданында 30 пәтерлік тұрғын үй іске қосылды. Қызметтік тұрғын үйдің құрылысына жергілікті бюджеттен 169,1 млн теңге қаржы бөлінген.

Сонымен бірге «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, оған экономикалық әлеуеті төмен ауылдардың адамдары қоныстанды. Үй құрылысына 252,0 млн теңге қаражат бөлініп, қосымша инженерлік инфрақұрылымына 72,0 млн теңге қаржы жұмсалды.

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру және бөбектердің балабақша қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында 280 орындық «Сыр еркесі» балабақшасы да пайдалануға берілді.

Медицина саласының мамандарына арналған 50 пәтерлік қызметтік тұрғын үй пайдалануға берілді.Мұндағы негізгі мақсат- жоғары мамандандырылған көмек көрсететін және жоғары технологиялы медициналық құрал-жабдықтарда қызмет атқаратын, орталыққа аса қажетті және жоғары технологиялық құрал жабдықтарды игеруші мамандар мен орталық үшін аса қажетті медицина мамандарын Сыр еліне тарту. Тұрғын үй құрылысына жергілікті қазынадан 365,0 млн теңге қаржы бөлінді. Ондағы екі бөлмелі пәтерлер үй жиһаздарымен толықтай жабдықталған.

Талсуат елді мекенінде 150 төсектік мүгедектерді оңалту мекемесі ашылды. Бұл жерде 1 және 2 топ мүгедктеріне, егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетіледі.Орталық ғимараты екі қабаттан тұрады және 8 блокқа бөлінген. Ғимарат жоғары сапалы заманауи медициналық және өндірістік құрал-жабдықтармен жабдықталған. Осы елді мекенде республикалық бюджет қаржысы есебінен ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйі ашылды. 200 орынға лайықталған әлеуметтік нысанда қамкөңіл жандарға медициналық-психологиялық көмек көрсетуге барлық жағдайлар жасалған.

Алаштың тұңғыш астанасы болған Қызылорда қаласы да бүгінгі ел өміріндегі елеулі күнге айрықша дайындықпен келіп отыр. Қала орталығында «Жасөспірімдер» үйі бой көтеріп, пайдалануға берілді. Үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 30,0 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл жерге балалар үйінен жасы жетіп шыққан жасөспірімдер қоныстанатын болады.

Тасбөгет кентінде 18 пәтерлік арендалық тұрғын үй іске қосылды.«Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйге арендалық тұрғын үй кезегінде тұрған отбасылар қоныстанды. Бас мердігер «Қызылорда Траст» ЖШС-і. Нысан құрылысына - 135,1 млн теңге қаржы жұмсалды.

Жылдың соңына дейін қалада осы сынды №2,3,4 арендалық үйлер, Абай сквері, су сүзгі стансасы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар