Қызылордада жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша алғашқы жоба қаржыландырылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында бизнесті дамытуға жылдық 6 пайызбен берілетін несиеге Қызылордалық кәсіпкер Құралай Сексенова қол жеткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Даму» қорына сілтеме жасап хабарлады.
None
None

Құралай Сексенова несие қаражатына техникалық қызмет көрсету орталығына қажетті қондырғы сатып алып, ғимаратты жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Мемлекеттік бағдарламаға қатыспас бұрын кәсіпкер ғимаратты жалға беру қызметімен айналысқан, ендігі жерде төмен пайызды қолжетімді несиенің көмегімен ол техникалық қызмет көрсету орталығы жұмысын іске қоспақшы. Бизнесін дамыту жоспарларын жүзеге асыру мақсатында Құралай Сексенова «Даму» Қорының КҚКО-дан кеңес алып, пайыздық үстемесі 6 пайыз  болатын Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы туралы білді.

null

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ кәсіпкер Құралай Сексенованың жобасын қаржыландыруды мақұлдап, оған 15 млн. теңге көлемінде несие берді.

null

Еске сала өтсек, Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша бизнес бастау немесе оны кеңейтуге несие қаражатын Сбербанк Казахстан, АТФ Банк және Halyk Bank АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдарынан рәсімдеуге болады. 

null

Соңғы жаңалықтар