Қызылордада жасөспірімді көлігімен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен 62 жастағы әйел ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылордада 62 жастағы әйел жасөспірімді көлігімен қағып кетіп, кейін оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Рolisia.kz.
None

Қызылорда қаласы ПБ-на хабарлама түскен. Кешкі уақытта Туркестан – Абдуллаев көшелері қиылысында белгісіз көлік жолдан өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.Орын алған көлік оқиғасы бойынша іздестіру шаралары басталып, оқиға орнынан сұрастыру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде күдікті автокөлік анықталды. Көлік тізгіндеген 62 жастағы әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен және 611-бабының 2-бөлігімен хаттамалар толтырылды.Автокөлік айып алаңына қойылды. Түпкілікті шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар сотқа жіберіледі.


Соңғы жаңалықтар