Қызылордада «Жастар ұйымдары - ел болашағы үшін» атты жастар акциясы өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордадағы Студенттер сарайында «Жастар ұйымдары - ел болашағы үшін» атты жастар акциясы болып өтті.

Қызылордада «Жастар ұйымдары - ел болашағы үшін» атты жастар акциясы өтті

Оны Қазақстан жастар Конгресі, облыстық ішкі саясат басқармасы, «Қызылорда облыстық жастар орталығы» қауымдастығы және облыстық «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырды.

Шара барысында ЕлбасыЖолдауын насихаттау және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында атқарылар іс-шаралардың жайы талқыланды. Акцияға қатысушылар сондай-ақ БҰҰ-ның 2011 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына орай жүргізілетін идеологиялық жұмыстар, Қазақстан жастар конгресімен бірлесіп өңірде атқарылатын жобалар мен республикалық деңгейде өтетін іс-шаралар жөнінде пікір алмасты.