Қызылордада «Жасыл жапырақ» атты акцияның алғашқы шарасы болып өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 17 cәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы аясында «Жасыл жапырақ» атты акцияның алғашқы шарасы ұйымдастырылды.

          Қызылордада «Жасыл жапырақ» атты акцияның алғашқы шарасы болып өтті

Аталмыш шараның басты мақсаты жұртшылықты табиғатты қорғауға, қаланы көркейту мен көгалдандыруға, тазалықты сақтауға шақыру болып табылады. Бұл акцияға М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің, И.Әбдікәрімов атындағы агротехникалық колледжінің, Қызылорда «Қызмет» колледжінің оқушылары және «Жасыл ел» студенттік жасағының мүшелері айтарлықтай үлес қосты.