Қызылордада жасырын жұмыс жасап келген ойынхана тәркіленді
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлескен түнгі рейд өткізді.
Шара барысында облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің біріне орналасқан заңсыз ойынхана тәркіленді. Оқиға орнынан айғақ зат ретінде 14 850 теңге ақша, 8 компьютер, 1 флэшка, 78 «ВИП» карта дәлелдеме ретінде алынды. Қазіргі таңда заңсыз іспен айналысып, ақшаға кенелгісі келген кәсіпкер тергеуші сұрақтарына жауап беруде.