Қызылордада «Жаужүрек мың бала» картинасының көрсетілімі болды

ҚЫЗЫЛОРДА. 8 мамыр. ҚазАқпарат  - Кеше Қызылорда қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы кинотеатрда «Болашақ бүгіннен басталады» атты республикалық акцияның аясында «Қазақфильм» киностудиясынан жақында шыққан «Жаужүрек мың бала» картинасының тұсаукесер көрсетілімі болып өтті.
None
None

Көрсетілімге Қызылорда қаласындағы Макаренко атындағы №1 жетім балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері, тұрмыстары төмен және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар шақырылды. Бұл шараны «Қазақстан Республикасы жергілікті соғыс және Ауғанстан ардагерлер одағы», «Қызылорда облыстық Чернобыль ардагерлері», «Ару ана», «Невада-Семей-Қызылорда», «Батыр Ана» қоғамдық бірлестіктері ұйымдастырды.

Фильм көрермендерге қатты әсер етті. Көпшілік сонымен бірге оның батыстық атыс-шабыс рухында түсірілгеніне де байқады.

Соңғы жаңалықтар