Қызылордада жол апаты: екі жолаушы көз жұмды, бес адам жарақат алды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 12 тамыз күні түнгі сағат 3:00 шамасында Қызылорда-Жалағаш тасжолында - Жалағаш ауданы Ақсу ауылының тұсында Toyota автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесіне ие бола алмай, жол апаты болды, деп хабарлайды қазАқпарат.
ІІМ мәліметінше, жол апаты салдарынан 2 жолаушы көз жұмып, жүргізушімен қоса қалған бес адам түрлі жарақаттар алды.
«ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомство.

