Қызылордада жол-көлік оқиғасынан 3 адам зардап шекті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында екі жеңіл көлікт соқтығысып, 3 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиға 14 ақпанда Н.Назарбаев даңғылының бойында болды. Қызылорда қаласында тұратын 46 жастағы азамат өзінің иелігіндегі «Hyundai Accent» автокөлігімен Әбдіреев көшесіне қарай солға бұрылмақ болған. Сол сәтте басты жолда келе жатқан «BMW-520» маркалы автокөілігіне жол бермей, соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасынан «Hyundai Accent» автокөлігі жол жиегіндегі жарық бағанасына соғылды. Осының салдарынан 3 адам медицина орталығына жеткізілді. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы заң талабына сай рәсімделіп, кінәлі жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.


Соңғы жаңалықтар