Қызылордада жол оқиғасынан төрт адам қаза тапты

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласынан Абай елді мекеніне баратын жолда, «Қызылорда-Павлодар» трассасынан 8 шақырым жерде «Камаз-5511» және «Фольксваген Гольф-3» маркалы екі автокөлік бір-бірімен соғысты.

Қызылордада жол оқиғасынан төрт адам қаза тапты

Нәтижесінде «Фольксваген Гольф-3» автокөлігінің жолаушылары 1958 жылы туылған Б.С., 1956 жылы туылған Т.С., 1953 жылы туылған Ж.Б. оқиға болған жерде қаза болды. Осы автокөліктің жүргізушісі 1984 жылы туылған А.А. облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.