Қызылордада Жолдау жүктеген міндеттерге орай жасотандықтар акция өткізді
ҚЫЗЫЛОРДА.ҚазАқпарат- Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа арнаған Жолдауына орай қала базарларында үндеухат тарату шарасын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілішісі хабарлады.
Акция барысында жастар қаланың халық көп шоғырланған жерлерінде болып, Жолдау жүктеген міндеттерді көпшілікке түсіндіруге тырысты. Олар шара кезінде үнпарақтар таратып, жұртшылықпен тілдесті. Қала тұрғындары да жастармен кездесу кезінде өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды.