Қызылордада жүк көлігіне соққан Audi жүргізушісі көз жұмды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Самара-Шымкент жолының Шиелі ауданы, Еңбекші ауылының тұсында КамАЗ жүк автокөлігінің тіркемесіне бір бағытта келе жатқан Audi автокөлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
«Жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодестің 345-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы жағдайы көсретілген. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Аралда жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды .



Соңғы жаңалықтар
telegram